Time журналы ең ықпалды 100 адамды анықтады

Time журналы ең ықпалды 100 адамды анықтады
Фото: vk.com

Америкалық Time журналы жылдағы әдетінше әлемдегі ең ықпалды 100 адам рейтингін жасады. Ол "Новатор", "Өнер адамы", "Лидер", "Кумир" және "Титан" деген критерийлер бойынша іріктелді.

"Новаторлар" қатарына АҚШ-тағы қару сатылымына қарсы шыққан #NeverAgain ("Енді ешқашан") қозғалысының белсенділері (Алекс Уинд, Кэмерон Каски, Эмма Гонсалес, Жаклин Корин, Дэвид Хогг, Алекс Винд) енді. Актриса Тиффани Хэдиш пен хип-хоп әртісі Карди Би және басқалары осы тізімді толықтырды.

"Өнер адамдары" категориясынан Николь Кидман, Хью Джекман, Галь Гадот ("Ғажайып әйел"), Милли Бобби Браун ("Біртүрлі шаруалар") сынды әртістермен қатар, Грета Гервиг ("Леди Берд") пен "Су қалыбы" фильмі үшін "Оскар" иеленген Гильермо Дель Торо сынды режиссерлер есімдерін де көре аласыздар.

"Лидер" ретінде биыл "Майкрософт" компаниясынан Сатья Наделла, АҚШ президенті Дональд Трамп, ханзада Гарри мен оның қалыңдығы Меган Маркл, Канаданың премьер-министрі Джастин Трюдо, Франция президенті Эммануэль Макрон және өзгелер бағаланды. "Кумирлер" тізіміне Дженнифер Лопес, Рианна, Чедвик Боузман мен дизайнер Вирджила Абло енді.

"Титандар" категориясы бойынша жасалған тізімді теннисші Роджер Федерер, тележүргізуші Опра Уинфри, Amazon сайтының негізін қалаушы Джефф Безос пен SpaceX шығарып әлемді дүрліктірген Илон Маск есімі толықтырды.

Егер толық тізіммен таныс болам десеңіз, осы сілтеме бойынша түпнұсқа мақалаға өтіңіз.

А. Оралқызы