$20 миллион тұратын ермексаз

 $20 миллион тұратын ермексаз
Фото: vk.com

Суретші Джефф Кунстің "Ермексаз" ("Пластилин") атты мүсіні Christie's бәссауда үйінде 2018 жылы 17 мамырда сатылымға шығарылады. Лоттың алғашқы бағасы — $20 миллион.

Автордың бұл іспен айналысуы осыдан 20 жыл бұрын, ол жұбайымен ажырасып, баласы анасының жетегінде кете барғанда басталған. Суретші өз ұлы Людвигтің ермексазбен түрлі дүниелер жасап, кейін оны үлкен мақтанышпен көрсеткен кездегі күйін үнемі ойлап, жадында сақтап жүретін. Идея да сол қимастық сезімінен туындаған.

«Ермексаз» мүсіні алюминийден жасалған, оның әр бөлігі бөлек құрастырылып, содан кейін белгілі бір түске боялған. Биіктігі 3 метрді құрайды. Суретші уақыт пен өндіріс шығындарын айтарлықтай азайту мақсатында алып мүсін жасаудан бас тартты. Бір қарағанға қарапайым көрінетін туындының өзіндік ерекшелігі бар: Джефф мүсіндегі әр жарықшаны түс өзгерісі арқылы максималды деңгейде дәл беруге тырысқан.

Жылдар бойы автормен бірге жұмыс істеген Эндрю Фармер: «Джефф дәл осындай нәтижеге қол жеткізгенше тыным таппады. Егер қандай да бір деталь өзгешелеу жасалғанда, мүсін тұтастай мүлдем басқа дүние болып шығар еді»,– дейді.

Бір қызығы,  2013 жылы  Джефф Кунстің  "Шардан жасалған ит" деген жұмысы Christie's бәссада үйінде $ 58,4 миллионға сатылған. Әзірге бұл автордың ең қымбат жұмысы.

А. Оралқызы