Британия поштасы "Тақтар ойыны" бойынша маркалар шығарады

Британия поштасы "Тақтар ойыны" бойынша маркалар шығарады
Фото: vk.com

Ұлыбританияның Корольдік поштасы "Тақтар ойыны" аталатын фэнтези жанрындағы телесериалдың кейіпкерлері бейнеленген маркалар шығаратынын хабарлады.

Маркалар сериясына 10 түрлі үлгіде салынған 10 кейіпкер енеді. Старктар, Таргариендер, Ланнистерлер мен Тайреллер сарайлары да бейнеленеді.
Қарапайым жинақ құны $1,3 болса, шектеулі коллекцияның бағасы $100-дан асып кетуі мүмкін. Маркалар қаңтар айының аяғында 
сатылымға шығады.

Естеріңізге сала кетейік, "Тақтар ойынының" келесі маусымы 2019 жылы көрерменге жол тартады. 

А. Оралқызы