Спартаның финалдық бәсекедегі ойыны Youtube желісінде

Спартаның финалдық бәсекедегі ойыны Youtube желісінде
Фото: google.com

1 қаңтарда қазақстандықтар көптен күткен халықаралық КВН ойындарының 2017 жылғы жоғары лига финалы экранға шықты. «1-арнадан» көрсетілген ойын, бірден Youtube сайтына жүктеліп, барлық көрермен асыға күткен командасының өнеріне тәнті болды.

Қазақстандықтар халықаралық КВН ойындарында өнер көрсетіп жүргелі 17 жыл болды. Ең алғаш  еліміздің намысын «Казахи» командасы қорғаған еді. 2010 жылы чемпиондыққа лайық өнер көрсеткенімен, бұл атақты қазақстандықтарға қимап еді. Араға 7 жыл салып «Казахидің» ізін қуған інілер чемпиондықтың ауылын Қазақстанға алып келді. Финалдық ойынға барлық күш-жігерін салған қазақстандықтар жеңісті нәтижеге қол жеткізді. Сол бұрынғы «Казахидің» толық құрамы да інілеріне қолдау көрсетіп, әзіл жазуда өз тәжірибелерімен бөлісіп, ақтық сында «Спартаға» қолдау білдірді.

2017 жыл КВН саласындағы қазақстандық командалар үшін өте табысты жыл болды. Естеріңізде болса, шілдеде Астана қаласында жазғы кубок ойындары өтіп, «Казахи» бас жүлдені иеленген еді. Ал, «Голосящий КиВиН» фестивалінде топ жарған тағы да Қазақстандық Спарта болды.

Спартаның жоғарғы лигадағы ойыны Youtube арнасында жарияланғанын ескерте отыра, қазақстандық тұңғыш чемпиондардың өнерін тамашалауға кеңес береміз.

А. Қажиев