2017 жылы қазақстандықтар интернеттен көп іздеген сөз

2017 жылы қазақстандықтар интернеттен көп іздеген сөз
Фото: vk.com

Әр жылдың соңында Google әр елге байланысты сараптамалық қорытынды шығарады. Сол әдеті бойынша, компания Қазақстан аймағында ең көп ізделген сөздерді анықтады. Топ-сұраныстар бірнеше категория бойынша жіктелген, олар: "Жыл адамы", "Жыл фильмі", "Жыл сатылымы", "Жыл сериалы".

"Жылдың топ сұранысы" категориясы бойынша бірінші орында "Тақтар ойыны 7 маусым" тіркесі тұр. Қазақстан бойынша жылдың ең көп интернет сұранысқа ие болған адамы сөзсіз Димаш Құдайбергенов болды. Ал, сатылымдар бойынша Қысқы Универсиада мен Экспо билеттері көп ізделген екен.

А. Оралқызы