Леди Диананың тойы туралы мюзикл қойылады

Леди Диананың тойы туралы мюзикл қойылады
Фото: vk.com

Леди Диана мен Чарльз ханзаданың тойы туралы мюзикл қойылатын болды.

Әзірге белгілі болған ақпараттар бойынша, мюзикл әндерін Джо Дипьетро мен Дэвид Брайан ("Мэмфис" мюзикліне жазған музыкасы үшін "Тони" марапатын алған)  жазады деп жоспарланып отыр. Премьераның нақты уақыты белгісіз, бірақ, оның алдағы маусым репертуарына енетіні анық.

Ұлыбританияның корольдік отбасының ең атақты жұбы туралы мюзикл алғаш рет 1981 жылы көрермен назарына ұсынылған болатын. Ол кезде туынды "Диана" деген атауға ие болды. Эклектикалық мюзикл көпшілік көңілінен шыққан еді.

80-ші жылдардың мюзиклін қазір жаңғыртуға не себеп болғанын анықтау соншалық қиын емес. Себебі, жақында ғана Диананың кенже ұлы Гарри ханзада актриса Меган Марклге үйленуге ұсыныс жасаған еді. Ақсүйектің қарапайым халықтан шыққан, оның үстіне қара нәсіл аралас болашақ жұбайын барша әлем талқыға салды. Осыған байланысты ханзада өзінің сүйіктісіне қатысты расистік айыптауларды тоқтату тұралы мәлімдеме жасады. Дегенмен, бұл жұпқа қатысты жағымсыз ойлардан гөрі, әлі қосылып үлгермеген ғашықтардың шын жанашырлары көп болып шықты.

Естеріңізге сала кетейік, котоликтер асыға күтетін Рождество мерекесіне арналған шеру кезінде Меган ханым корольдік отбасымен бірге ханшайым мәртебесінде халық алдына шықты.

А. Оралқызы