"Спарта" құрамасы жоғары лига чемпионы

"Спарта" құрамасы жоғары лига чемпионы
Фото: kvn.ru

15 желтоқсанда Мәскеуде КВН ойындары Жоғары лигасының финалы өз мәресіне жетті. Бұл туралы Халықаралық "КВН" одағының сайтында жарияланды. 

Ойынға Юлий Гусман, Татьяна Навка, Михаил Галустян, Семен Слепаков, Сергей Гармаш, Андрей Бурковский қазылық етті. Ойын нәтижесінде бірінші орынды  «Спарта Номад» (Астана), екінші орынды «Радио Свобода» (Ярославль) иеленді, ал үшінші және төртінші орындарды «Плюшки» (Тверь) мен «Раисы» (Иркутск) өзара бөлісті. 

Айта кетейік, отандық команда Жоғары лигада  биыл алғаш рет чемпион атанып отыр. "Спарта" жоғары лигада 2014 жылдан бастан өнер көрсетіп келеді. 2015 жылы финалда 6 орын алса, 2016 жылы 2 орын алды. Бұл отандық команданың ұлық мейрам тәуелсіздік күніне жасаған үлкен сыйы болды. 

Ж. Жұмағұлов