Айтысқа кел, ағайын!

Айтысқа кел, ағайын!
Фото: youtube.com

Қазақтың ұлттық өнерінің бірі – айтыс. Егер сіз жырсүйер қауым болсаңыз, өнер десе ішкен асыңызды жерге қойсаңыз, 4 желтоқсан күні Алматы қаласында өтетін республикалық жас ақындар айтысына келіңіз. 

«Ашық бюджет – ашық қоғам» тақырыбында өтетін республикалық айтысқа Қанат Мырзахан, Ақниет Жұбаныш, Айтбек Тұрсынбаев, Әлихан Жақсылық, Саягүл Бірлесбек, Бекжан Базархан, Дәрен Ысқақ, Медетбек Жаманов, Алтынбек Ибрагимов, Айтуған Жетебаев, Айдана Қайсарбек сынды жас дүлдүлдер қатысады. 

Кештің басты қонақтары: Жүрсін Ерман, Ринат Зайытов, Рүстем Қайыртай, Болатбек Оразбаев. 

Өтетін орны: Қазақконцерт залы. 

Уақыты: 14.00 

Келем деушілерге есік ашық! 

М. Ақан