"The Эфир" Ләйлә Сұлтанқызымен: Данияр Елеусінов елбасымен кездесуіндегі қызықты айтты

"The Эфир" Ләйлә Сұлтанқызымен: Данияр Елеусінов елбасымен кездесуіндегі қызықты айтты
Фото: kaz.tengrinews.kz

Tengrinews.kz сайтында танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы жаңа жобаны қолға алғаны жайлы хабарлаған едік. Бүгін The эфир The Эфир" жобасында Олимпиада чемпионы, белгілі боксшы Данияр Елеусінов Ләйлә Сұлтанқызына өзінің табысы жайлы және кәсіпқой боксқа не себепті ауыспай қалғанына қатысты мән-жайды баяндады,– деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол бала кезіндегі арманының орындалғанын айтты. "Бала кезімде Олимпиада чемпионы болу арманым еді. Арманыма жеттім. Қазір шешім қабылдадым, әзірше әуесқой бокста қалдым деп айта аламын. Себебі маған келіп түскен ұсыныстар толықтай көңілімнен шыққан жоқ. Басында кәсіпқой боксқа ауысамын деп ойлағанмын, бірақ ұсыныс жібергендер келісімшарт бойынша өз міндетін орындамады. Олар қазақ спортшысына мұндай көп ақша төлегенше, өзімізге ақша құяйық деген сияқты, сондай бір сыбыстар болды", - деді боксшы кәсіпқой рингке өту мәселесі жайлы.

Осыдан кейін жүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы спортшыға Елбасымен кездескені жайлы айтуын өтінді. "Өте қуанышты сезімде болдым. Елбасы құттықтап, жанұям туралы сұрады, әйеліммен және баламмен бірге шығып келе жатқан кезімде "Отбасың ба?" деп сұрады. Баландин сол жағында, мен оң жағында отырдым. Елбасыға спортшыларға деген көзқарасы үшін алғыс айттым, сонда аяғымнан осылай қаққан болатын. Оның өзі маған үлкен мәртебе, абырой",– деп баяндайды сұхбатты Елеусінов.


@. @assel_assanova