Қыз сыны және Жігіт сұлтаны-2017 Гранд-Финал

Қыз сыны және Жігіт сұлтаны-2017 Гранд-Финал
Фото: massaget.kz

15 қараша күні Алматы қаласы жастар саясаты жөніндегі басқармасының қолдауымен «Q-Fest» жобасының аясында қалалық деңгейде «Қыз сыны және Жігіт сұлтаны-2017» атты байқауының Гранд-Финалы өтеді. 

Бұл жобаның ұйымдастырушылары «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Керемет жастар ресурстық орталығы» қоғамдық ұйымы және «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Студенттер Сенаты» қоғамдық ұйымының белсенді, озық ойлы, креативті студенттері болып табылады. 

Бұл байқау 130 мыңнан аса студенттер білім алатын, бүкіл жоғарғы оқу орындарының шоғыры орналасқан Алматы қаласында бірінші рет өткізгелі отыр. Осыған байланысты, сіздерді байқауға қатысуға шақырамыз. 

Бұл шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасын, Алматы қаласында «Жастар жылы» жобасын қолдау мақсатында ұйымдастырылып жатыр. Байқау кезінде жастар бойындағы өздері үшін жаңа және дәстүрлі емес мүмкіндіктер мен шығармашылық қабілеттерін ашу мақсатында түрлі мастер класстар мен тренингтер өткізілді. 

Жастар байқауын ұйымдастыру жалпы жастар арасында қазақ халқының салт-дәстүрін насихаттауға, біздің ата-бабаларымыздың мәдениеті жайлы білімді кеңейтуге ықпал етеді. Сонымен қатар, бұл іс-шара жастар қоғамында салауатты өмір салты идеологиясын қалыптастыруға септігін тигізеді. 

Өткізілетін уақыты және орны: 17 қараша 2017 ж. Сағат 17.00-де. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Ө.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайы. 

М. Ақан