"The Эфир" Ләйлә Сұлтанқызымен: Тұрсынбек Қабатов табысы, бала тәрбиесі жайында

"The Эфир" Ләйлә Сұлтанқызымен: Тұрсынбек Қабатов табысы, бала тәрбиесі жайында
Фото: kaz.tengrinews.kz

Tengrinews.kz сайтында танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы жаңа жобаны қолға алғаны жайлы хабарлаған едік. Бүгін The эфир бағдарламасының бірінші саны жарыққа шығып, КВН жұлдызы, белгілі стендапер, ҚР еңбек сіңірген қайраткері әрі танымал шоумен Тұрсынбек Қабатов қонақта болды.

Тұрсынбек Қабатов Ләйлә Сұлтанқызына өзінің табысы, КТА және бала тәрбиесі жайлы айтып берді,  - деп жазады Tengrinews.kz тілшісі. Сұхбат барысында шоумен бір тойға неліктен 15 мың АҚШ долларын сұрайтынын және "КаZахи" көңілді тапқырлар клубы командасында кімнің басшы екенін де айта кеткен. Бағдарламаны мына сілтеме арқылы толық көре аласыздар.

Ләйлә Сұлтанқызы қолға алған бағдарламаның мақсаты - әр саладағы танымал тұлғаларды жаңа қырынан көрсету, жетістікке жетудің құпиясын анықтау. Түсірілім кезінде оларға бұрын-соңды ешкімнің батылы жетпеген сұрақтар қойылады. Танымал тұлғалармен болатын сұхбаттарды өткізіп алмау үшін Tengrinews.kz cайтының YouTube арнасына жазылуды ұмытпаңыздар.

О. Сансызбай