Forbes өмірден өткен ең бай жұлдыздар тізімін жасады

Forbes өмірден өткен ең бай жұлдыздар тізімін жасады
Фото: vk.com

Forbes басылымының өмірден өткен ең бай жұлдыздар рейтингін Майкл Джексон бастады. Музыкант бұл тізімде 5 жыл қатарынан бірінші сатыдан көрініп келеді. Оның соңғы 12 айдағы кірісі $ 75 миллион құрады.

Джексоннан кейінгі орында гольф королі Арнольд Палмер ($ 40 миллион) тұр, ал үшінші саты суретші-карикатурист Чарльз Шульцтың ($ 38 миллион) еншісінде.

Бұлардан кейін  Элвис Пресли ($ 35 миллион), Боб Марли ($ 23 миллион), Том Петти ($ 20 миллион) мен Принс ($ 18 миллион) сынды даңқты музыканттар орналасты.

Өзі өмірден өтсе де, есімі әлі күнге дейін артынан қалған қорына кіріс әкеліп жатқандар қатарында Доктор Сьюз ($ 16 миллион) лақап атымен танымал жазушы, мультипликатор Теодор Зойс Гайзель, The Beatles тобының солисі Джон Леннон ($ 12 миллион) мен ғалым Альберт Эйнштейн ($ 10 миллион) де бар.

А. Оралқызы