Бұл кітапханаларға барғыңыз келе ме?

Бұл кітапханаларға барғыңыз келе ме?
Фото: YouTube.com

Әлемде түрлі кітапхана бар, кітаптар қоры бар. Бәрінің де өзіне тән ерекшеліктері мен белгілі бір жәдігерлік қасиеттері бар. Ал сіз бұл кітапханаларда болып көрдіңіз бе?

Делфт университетінің кітапханасы, Нидерланд

Делфт университеті – Еуропадағы ең керемет техникалық оқу орындарының бірі. Аталған университеттің қабырғасында 1997 жылы іргесі қаланған кітапхана бар.

Кітапхана ерекше үлгіде салынған. Айналасы демалуға арналған жасыл алқаппен көмкерілген кітапхана ішінде кітап қоры мен оқу залдары бар. Кітапхана ішінде отырып, шаршаған студенттер үшін сергіп алуға есік алдында барлық жағдай жасалған.

Гайзел, АҚШ

Сан-Диегодағы Калифорния университетінің кітапханасы да өз ерекшелігімен көз тартады. Кітапхана жазушы, меценант Теодора Сьюза Гейзелдің атына берілген. Бәйтерек секілді, бірақ заманауи үлгіде салынған кітапхана сыртында: «оқы, жаз, ойлан, арманда» деп жазылып тұр.

Бишан, Сингапур

LOOKArchitects компаниясының жобасы негізінде салынған Бишан қоғамдық кітапханасы Сингапур еліндегі жаңа бір ерекшелікке ие болған кітапхана. Кітапхананың ерекшелігі ғимарат ішінде арнайы оқыған кітапты талдау үшін жасалған сөйлесу залы бар. Одан қала берді кітапхана іші жарықтандырылған және сары, жасыл сынды қанық түстермен көмкерілген.

Лиюань, Қытай

«Кітап храмы» деп аталатын Лиюань кітапханасы Қытай елінде орналасқан. Цинхуа Ли Сяодунем университетінің сәулетшілері салған кітапхана ескі үлгіде жасалған. Онда 45 мың ағаш бұтасы бар. Кітапхананың кереметі онда отыратын орындық не үстел жоқ. Кітапты көрген жеріңізде жерге отырып оқи бересіз. Қаладан тыс жерде орналасқан кітапхана қуат көзінің болмауына байланысты 16:30-ға дейін жұмыс жасайды.

The Library Resort қонақ үй-кітапхана, Тайланд

Самуй аралының Чавенг жағалауында қонақ үй-кітапхана бар. «Library Resort» деп аталатын кітапхана шынымен қонақ үй секілді. Ақиқатында бұл шынымен де қонақ үй, бірақ кітапхана негізінде қаланған. Келушілер тек теңізге түсіп демалмайды, сонымен қатар кітап та оқып ләззат ала алады.

М. Ақан