2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшеміз

2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшеміз
Фото: egemen.kz

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы ең өзекті және ең бір жемісті, төл ана тілімізден өз әліпбиімізге ауысу туралы негізгі идеясы бұл – «Қазақстан-2050» стратегиясы жолындағы 2025 жылы латын әліпбиіне ауысу.

Латын әліпбиі турасында түрлі қоғамдық талқылаулар мен конференциялар, тұлғалардың қатысумен үлкен мінбедегі жиналыстар өткізілді. Бұл еліміздің, тәуелсіз Қазақстанның үлкен жетістігі, Елбасының алға тартқан үлкен мақсаттарының бірі.

Өз мақаласында осы турасында мынандай түйін жасайды: «Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық.  

Қазақ тілінің әліпбиі тым тереңнен тамыр тартатынын білесіздер.  

VI-VII ғасырлар – ерте орта ғасыр кезеңі. Бұл уақытта Еуразия құрлығында ғылымға «Орхон-Енисей жазулары» деген атаумен танылған көне түркілердің руникалық жазуы пайда болып, қол­данылды.

Бұл адамзат тарихындағы ең көне әліпбилердің бірі ретінде белгілі.

V-XV ғасырларда түркі тілі Еуразия құрлы­ғының аса ауқымды бөлігінде ұлтаралық қатынас тілі болды.  

Мәселен, Алтын Орданың бүкіл ресми құ­жат­тары мен халықаралық хат-хабарлары негізінен ортағасырлық түркі тілінде жазылып келді.

Халқымыз Ислам дінін қабылдаған соң руни­калық жазулар біртіндеп ысырылып, араб тілі мен араб әліпбиі тарала бастады.

Х ғасырдан ХХ ғасырға дейін, 900 жыл бойы Қазақстан аумағында араб әліпбиі қолданылды.

1929 жылғы 7 тамызда КСРО Орталық Атқару Комитеті мен КСРО Халық Ко­мис­сар­лары Кеңесінің Президиумы латындан­дырылған жаңа әліпби – «Біртұтас түркі ал­фавитін» енгізу туралы қаулы қабылдады.

Латын әліпбиінің негізінде жасалған жазу үлгісі 1929 жылдан 1940 жылға дейін қолданылып, кейін кириллицаға ауыстырылды.

1940 жылғы 13 қарашада «Қазақ жазуын латындандырылған әліпбиден орыс графикасы негізіндегі жаңа әліпбиге көшіру туралы» заң қабылданды.

Осылайша, қазақ тілінің әліпбиін өзгерту тарихы негізінен нақты саяси себептермен айқын­далып келді.

Мен 2012 жылғы желтоқсан айында жария еткен «Қазақстан-2050» Стратегиясында «2025 жыл­дан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін» мәлімдедім».

Бұл аталған алдағы уақытта жасалатын міндеттердің бірі ғана емес, бірегейі болып қалмақ. Ел бірлігі мен жетістігі жолында жасалатын әрбір істің өзінің беретін жемісі бар. Уақыт бәріне емші.        

М. Ақан