Зерденің 3 ерекшелігін білесіз бе?

Зерденің 3 ерекшелігін білесіз бе?
Фото: 123RF.com

Адам ақылымен ерекше. Оның төрт аяқты жан-жануарлардан да бөлек екенін көрсететін құжаты осы – санасы, ақылы, зердесі. Ал сіз Елбасының алдыға тартып отырған, мақсат қылып отырған үш зердесін білесіз бе? Сіз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын қаншалықты деңгейде оқып, талдай алдыңыз? Сіз дәл осы жолдан өтіп кеттіңіз. Артқа бір оралыңыз.

Елбасыны аталған мақаладағы «Сананың ашықтығы» тармағында ерекше дүниелер айтылады. Онда әлемнің жаппай сауаттаныуға жол ашқаны, ал ол жолға шығу үшін ағылшын тілін білу керектігін көздейді. Шындығында солай. Сіз оны қабылдаңыз, қабылдамаңыз жаһандық бәсекеге еру үшін әлемнің ең бірінші тілі ағылшын тілі меңгеру керек. Бұл ана тілін жоққа шығару емес. Мәселен Елбасы төмендегі мысалды тиек етеді: «Еуропалық Одақтың 400 миллионнан астам тұрғыны ана тілдері – неміс, француз, испан, итальян немесе басқа да тілдерді  сыйламай ма? Әлде 100 миллиондаған қытай мен индонезиялықтар, малайлар ағылшын тілін еріккеннен үйреніп жатыр ма?»

Ал бұл дүние тілге байланып қалған жоқ, ол санаға байланысты, зердеге байланысты дейді. Ал өз кезегінде үш зерделі дүниені атап көрсетеді:

Біріншіден, ол дүйім дүниеде, Жер шарының өзіңе қатысты аумағында және өз еліңнің айналасында не болып жатқанын түсінуге мүмкіндік береді.  

Екіншіден, ол жаңа технологияның ағыны алып келетін өзгерістердің бәріне дайын болу деген сөз. Таяудағы он жылда біздің өмір салтымыз: жұмыс, тұрмыс, демалыс, баспана, адами қатынас тәсілдері, қысқасы, барлығы түбегейлі өзгереді. Біз бұған да дайын болуымыз керек.

Үшіншіден, бұл – өзгелердің тәжірибесін алып, ең озық жетістіктерін бойға сіңіру мүмкіндігі. Азиядағы екі ұлы держава – Жапония мен Қы­тай­дың бүгінгі келбеті – осы мүмкіндіктерді тиімді пай­даланудың нағыз үлгісі.

М. Ақан