Англия банкі жазушы Джейн Остин бейнеленген жаңа банкнот шығарды

Англия банкі жазушы Джейн Остин бейнеленген жаңа банкнот шығарды
Фото: vk.com

Англия банкі 18 шілде күні жазушы Джейн Остин бейнеленген 10 фунттық номиналды жаңа банкнот шығарды. Ағылшын әдебиетінің жарқын өкілі Остиннің өмірден өткеніне 200 жыл толуына орай арнайы жасалған ақшаның презентациясы жазушы жерленген Уинчестер соборында өткізілді.

Жаңа банкнотта портреттен бөлек, "Тәкаппарлық пен соқыр сенім" романынан алынған  "Ашығын айтсам, мен кітап оқуға жететін өзге ләззатты білмеймін" деген қанатты сөзі келтірілген.

Купюра айналымға 14 қыркүйекте шығады және уақыт өте келе Чарльз Дарвин бейнеленген ескі банкнотты алмастырады. 

А. Оралқызы