Бүгінгі жастардың ауызекі тілі

Бүгінгі жастардың ауызекі тілі
Фото: BNews.kz

Қазіргі жастар тілі, соның ішінде қазақ жастарының тілі кірме сөздердің әсерінен үлкен өзгеріске ұшырады. Себебі орыс тілінен енген жаргон сөздер мен варваризмдерді қолдану арқылы тіл мәдениеті бұзылды.

Мәселен қазір жастар бір-біріне түрлі жағдайда түрлі тілде жауап беріп жатады. Оған себеп – тілге деген немқұрайлылық. Жалпы қазіргі жастардың тіліндегі негізгі бағалаушылық – метфора деп отырмыз. Себебі олардың ауызекі сөйлеу тілінде құрастырып алатын теңеулері ақылға қонымсыз тіпті қызық: «Базар жоқ екен!». Аталған сөздің шығуы тікелей орыс тіліндегі «Базара нет!» сөзінен келген. Дегенмен «Базар» деген сөздің тегі мүлде теңеуге келмейтін заттық құбылыс. Одан бөлек бұл сөздің жанданып кетуіне тікелей әсерін тигізген Тұрсынбек Қабатовтың «Базар жоқ» бағдарламасы. Аталған бағдарламаның мақсаты әзіл-ысқақ театры. Яғни әзіл арқылы көрерменді жаулау. Ал оның атуын «Базар жоқ» деп қойса, сөзді көктен алған жоқ, халық арасындағы, жастар арасындағы тілдік қолданыстан шыққан.

Тіпті бұл жаргон сөз қоғамдық ортада қолданыла бастады. Мәселен

Саған менің сатып алған көйлегім ұнады ма?

Мә, базар жоқ екен!

Аталған диалогтан көріп тұрғаныңыздай екеуара сөз арасында да бұл теңеу қолданыла бастаған.

Дәл осы секілді метафоралардың қатары көп. Мысалы, өтірік айтты, жалған сөйледі деген сөзді қазір жастар тіліндеі «құлақтан іліп кетті» немесе «лапша іліп кетті» деп жатады. Бұл сөздердің шығуына, тез тарауына да телеарналар мен түрлі бағдарламалар себепкер.

Кеше не істедіңдер?

Ой, кеше олар құлақтан теуіп кетті.

Қазіргі жастар тілін алдыңғы буынның түсінуі қиын. Себебі ХХІ ғасыр көптеген салада нәтиженің нақты болуынан гөрі тез жұмыс істегенін талап етеді. Ал қазіргі жастар бұған үйренісіп алған. Мәселен біз тіл мәдениеті дейтін дүниеге мән бермейміз. Себебі лингвистикалық, лексикалық, стилисткалық тұрғыда оларға талдау жасамаймыз, олардың мәніне жауап бермейміз. Қалай бар, сол қабылдап, сөйлеуге құмармыз.

Қазіргі қазақ тіліндегі жастардың тілі негізінен екі тіл араласуымен бұзылып кеткен. Ол орыс және қазақ тіліне тән сөздердің бірігуі. Мәселен қазір жастар арасында кеңінен таралып кеткен теңеулер: «Дану, гүлбану», «Реально айтам», «жынды», «жынды ғой», «короче», «общим», «уже», «давай», «ладно», «өлген екен», «айуан», «өшіп қалған» деген  сынды көптеген кірме сөзді түрлендіріп пайдаланамыз.

Таңғалған кезде жастар арасында «о, тамаша!» немесе «керемет!» деудің орнына «Дану, гүлбану» дейтін сөзді пайдаланады. Ең қызығы бұл сөздің қайдан шыққаны белгісіз. Тек «дану» сөзіне ұйқас ретінде айтып кеткен. Сол секілді «жақсы», «әдемі» деудің орнына «жынды» деп айтамыз.

Мынауың енді, жынды тұр, жынды екен! дейтін сөздерді жастар арасында естіп жатсаңыз, оның қарапайым ауызекі тілге айналып кеткенін түсіне беріңіз.

Одан қала берді үстіңізге киген киім жарасып кетсе немесе тұрса оған «жарасып тұр» деп айтудың орнына «өлген», «өліп кетті» деген сынды теңеулерді пайдаланды. Ал бұлардың шығуы қайдан? «өл» деген сөз жалпы қайтыс болған адамға байланысты айтылатын сөз. Яғни оның жарасымдылыққа үш қайнаса да сорпасы қосылмайды. Бірақ аталған сөз тұрақты тіркес секілді жастардың тілінде қалыптасып үлгерді. Қазақ әдебиетінде, сөйлеу тілінде диалект дейтін ұғым бар. Жастар тілінің сөйлеуіне олардың да әсері бар. Яғни жаргондар, варваризмдер, диалект сөздер тілдердің өзгеріске ұшырауына тікелей әсер етуші факторлар болып табылады.

М. Ақан