New York Times газеті комикс стилінде шықты

New York Times газеті комикс стилінде шықты
Фото: www.nytimes.com

Нью-Йоркте ғана емес, жалпы әлемдегі ең көне газеттердің бірі - New York Times форматын өзгертті. Бірақ оның тұтастай комикс стилінде жарық көруі бір-ақ мәрте жүзеге асырылады.

Бұл ерекше шығарылым метро тақырыбына арналып отыр. Онда Нью-Йорк метросында болған түрлі 12 оқиға желісі бойынша Билл Брэгг, Роберт Фрессон, Тилли Уолден, Уесли Алсбрук, Бьянка Багнарелли, Сэмми Харкэм, Кей Эл Рикс, Эндрю Рэй мен Дэвид Мазучелли сынды авторлар иллюстрациясы жарияланып отыр.

Шығарылымды New-York Times сайтынан тегін тамашалай аласыз.

А. Оралқызы