Мұхтар Ниязов –

Мұхтар Ниязов – "Алтын домбыра" иегері

Алматыда дәстүрлі «Алтын домбыра» республикалық ақындар айтысы өз мәресіне жетті. Бесінші рет ұйымдастырылып отырған ақындар бәйгесі ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналды.

Екі күнге созылған ақындар аламынына жыл бойы жеңімпаздар қатарынан көрініп, үздік нәтижие көрсеткен 20 ақын қатысты. 

Айтысқа Әділбек Ыбырайымұлы, Қонысбай Әбілов, Қойлыбай Асанов, Мұхамеджан Тазабек, Аманжол Әлтаев, Дәулеткерей Кәпұлы, Бауыржан Халиолла сынды танымал ақындар қазылық етті.

Айтыстың бірінші кезеңінде Ершат Қайболдин, Сырым Əділбек, Мақсат Ақанов, Әсем Ережеқызы, Шұғайып Сезімхан, Жансая Мусина, Айбек Қалиев, Мейірбек Сұлтанхан, Серікзат Дүйсенғазы, Иран-Ғайып Күзембаев, Рүстем Қайыртайұлы, Өміржан Көпбосынов, Қалижан Білдашев,Болатбек Мейірбекұлы, Еркебұлан Қайназар, Мұхтар Ниязов, Ержан Әміров, Аспанбек Шұғатаев, Нұрлан Есенқұлов, Нұрмат Мансұровтар сынды он жұп айтысты. 

Екінші күні ақындардың алты жұбы сахнаға шықты. Атап айтсақ, Мейірбек Сұлтанхан - Өміржан Көпбосынов, Еркебұлан Қайназар - Қалижан Білдашев, Мұхтар Ниязов - Серікзат Дүйсенғазы, Болатбек Оразбаев - Аспанбек Шұғатаев,  Иранғайып Күзембаев - Жансая Мусина, Рүстем Қайыртайұлы - Ержан Әміров өзара сөз сайысына түсті.

Қазылардың шешімімен ең көп ұпай жинаған Болатбек Оразбаев пен Серікзат Дүйсенғазы, Мұхтар Ниязов пен Жансая Мусина "Алтын домбыра" үшін айқасқа шықты.

Тартысқа толы дүлділдер додасында жеңімпазды анықтау оңайға соққан жоқ. Қазылар шешімімен айтыстың бас жүлдесін қызылордалық Мұхтар Ниязов жеңіп алды. Ол "Алтын домбырамен" қоса 3 000 000 теңге қаржылай жүлдеге ие болды.

Ал, бірінші орын алматылық Болатбек Оразбаевтың еншісіне бұйырды. Болатбек 2 000 000 теңгені қанжығасына байлады. Екінші орын оралдық ақын қыз Жансая Мусинаға (1 000 000 теңге) бұйырды.

Жүлделі үшінші орынды Серікзат Дүйсенғазы, Мейірбек Сұлтанхан, Өміржан Көпбосынов, Иранғайып Күзембаев өзара бөлісті. Төрт ақынға 500 000 теңгеден қаржылай сыйлық берілді. Қалған қатысушы ақындарға 250 000 теңгеден берілді.

Гран-при иегерін Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбектің өзі құттықтап, жүлдесін тапсырды.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Чемпиондар лигасы: 1/4 финалдың жеребесі тартылды
Чемпиондар лигасы: 1/4 финалдың жеребесі тартылды
"Пандемия кедергі емес". Қазақстандағы Алтайда қалай демалыс өткізуге болады?
"Пандемия кедергі емес". Қазақстандағы Алтайда қалай демалыс өткізуге болады?
Данышпандық — әйелдерге қарағанда ерлерге көбірек тән қасиет
Данышпандық — әйелдерге қарағанда ерлерге көбірек тән қасиет
Дұрыс тамақтану жайлы нақылдар
Дұрыс тамақтану жайлы нақылдар
Жыландар қалай ұшады?
Жыландар қалай ұшады?
Жер сілкінісі де тоқтата алмайтын жолаушылар пойызы
Жер сілкінісі де тоқтата алмайтын жолаушылар пойызы