Елбасы қатысқан «Түнгі студияда» бағдарламасы бүгін эфирге шығады

Елбасы қатысқан «Түнгі студияда» бағдарламасы бүгін эфирге шығады
Фото: Kazday

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қатысқан «Түнгі студияда» бағдарламасы бүгін эфирге шығады. Бұл туралы бағдарламаның «facebooк» желісіндегі парақшасы хабарлады. Сондай-ақ, ұлттық арнаның ресми сайтында да жарияланды.

- Елбасы Н. Ә. Назарбаев Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «Қазмедиа» орталығында өзінің үзеңгілестерімен кездесті. Кездесуден соң Мемлекет басшысы ұлттық арнаның «Түнгі студия» бағдарламасына қатысып, жастар тәрбиесі, бақыт бастауы, ел болашағы туралы ойларымен бөлісті. Бағдарламаны бүгін сағат 23:15-те көре аласыздар, - делінген.

Айта кетейік, «Түнгі студияда Нұрлан Қоянбаев» – кешкі әзіл бағдарламасы, мұнда қонаққа белгілі саясаткерлер, спорт саңлақтары және шоу-бизнес өкілдері келеді. Бағдарламаның жүргізушілері барлық салада сөз қозғап, қонақпен жеңіл түрде тілдеседі. Сонымен қатар, кеш қонақтары көрермендердің бағдарламаға жіберілген сұрақтарына жауап береді. Бағдарлама аптаның төрт күнінде көрсетіледі. Оның жүргізушісі бұрынғы КВН ойындарының майталманы - Нұрлан Қоянбаев.

О. Сансызбай