Махаббаттың өмірлік екенін дәлелдеп келе жатқан әлемдік жұлдыздар

Махаббаттың өмірлік екенін дәлелдеп келе жатқан әлемдік жұлдыздар
Фото: adme.ru

Берік неке – жұлдыздар арасында өте сирек болатын құбылыс. Оның себебі оқырман һәм тыңдарман қауымға жақсы таныс. Бірақ бұлардың арасында барлық қиыншылыққа қарамастан, өмір жолында көлде жүзген қос аққудай, балалары мен немерелерін өсіріп, қол ұстасып қатар келе жатқан жұлдызды жұптар да бар. Біз бүгін сіздерге махаббат деген құдіреттің өмірлік екенін дәлелдеп келе жатқан жұптар жайлы айтпақпыз.

Кит Ричардс пен Патти Хансен

37 жыл бірге

Кит пен Патти бір-бірінің жан дүниесінде өмір сүріп келе жатқандарына 37 жыл толды. Екеуі небір қиын кезеңдерді бастан өткеріп, бір-бірін үнемі демеді. Хансен айтады: «Кит мені аман алып қалды. Оның маған деген махаббаты мен қамқорлығы үміт пен сенім сыйлап, күйзелістен шығара білді».

Майкл Кейн мен Шакира Бакиш

43 жыл бірге

Майкл Кейн мырза Шакира Бакишті ең алғаш рет теледидардағы кофе жарнамасынан көрген еді. Оның сол сәттегі бойын билеп, жүрегін селт еткізген сезімі экранның ар жағындағы айдай аруды іздеп табуға мәжбүрледі. Міне, олардың отасқандарына 43 жыл.

Оззи Осборн мен Шэрон Осборн

37 жыл бірге

Оззи топтан қуылғаннан кейін Шэрон оның шығармашылығын өз қолына алып, олардың арасында үлкен романтикалық қарым-қатынас пайда болады. Арада 3 жыл өткесін үйленіп, 3 балалары өмірге келеді. Өмір жолында кездескен түрлі келеңсіздіктерге қарамастан серттескен қос ғашық алға ұмтылды. «Мен оны өмірімнен де артық сүйемін», – деп Оззи ағынан жарылады.

Сэмюэл Л. Джексон мен Латаня Ричардсон

36 жыл бірге

Олардың некесі барлық сынаққа төтеп берді, бүкіл қиындықтарды көтере білді. Егер сіз 30 жыл некелескен жарыңызбен бірге болсаңыз, «ары ойна» – деп айтуға хақыңыз бар. Сэмюэл айтады: «ары ойна, бірақ кешір мені» деп те айта аласыз. 

Кевин Бэйкон пен Кира Седжвик

28 жыл бірге

Кевин Кираның артынан ұзақ жүгірді. Алғашында бұл үшін көңілі құлазыса да ол берілмеді. Ақыр аяғында актриса оған мүмкіндік беріп, көп кешікпей олар некелесті. Қазір олар 2 баланың ата-анасы. Бірге келе жатқандарына 28 жыл болды.

Хью Лори мен Джо Грин

27 жыл бірге

Хью Лори мен Джо Грин арасында отбасында ұрыс-керіс болған жағдайда да бір-бірінен бір минутта алшақтап кетпейтіндей берік сезім орнаған. «Біз Джо екеуміз бір-бірімізді толықтырамыз. Біз жылдан жылға бір-бірімізге жақындап келеміз», – дейді Лори.

Лиза Кудроу мен Мишель Штерн

21 жыл бірге

Қос ғашық алғаш 1987 жылы танысқан болатын. Алайда Лиза Мишельдің сезімін шын қабылдай қоймады. Бірнеше жыл өткеннен соң, олар «Достар» сериалының түсірілімінде қайта кездеседі. Арада көп уақыт өтпей той жасалады. Қос аққудай жұптасқан ғашықтардың балалары бар және отбасылық өмір кешіп келе жатқандарына 21 жыл.

Ж. Жұмағұлов