Алматыда аты аңызға айналған Юрий Никулин циркі өнер көрсетуде

Алматыда аты аңызға айналған Юрий Никулин циркі өнер көрсетуде
Фото: massaget.kz

Никулин циркі Алматыда бір айдан бері өнер көрсетіп жүр. Аталмыш цирк оңтүстік астанаға 2013 жылдан бері жыл сайын келіп, өнер көрсетеді. Никулин циркінің биылғы бағдарламасынан көретіндеріңіз:

Киптикова Юлия – Парижде өтетін  «Ертеңгі күннің Циркі» фестивалінің арнайы сыйлық лауреаты, Оның күрделілігі акробатикалық «Ауадағы кенеп» аталатын қойылымы тәуекелді, жоғары биіктікте болуымен және тамаша акробатикасы, эмоционалдық музыкасы арқылы көрермендерді баурап алады. 

Трунин Сергей – «РФ Еңбек сіңірген әртісі», «Қола көрермен залының» «Күміс идол», «Алтын манеж» атақтарының иегері, Бүкіләлемдік цирк өнерінің «ИДОЛ-2013» иегері, 2015 жылы Испанияның Фигерас қаласында өткен 4-ші Халықаралық цирк өнері фестивалі «Алтын піл» атағының иегері. Сергей «Сира дөңгелегі» атты ерекше нөмірін ұсынды. Бір қарағанда оңай көрінгенмен, шын мәнісінде, аса үлкен қабілетті қажет ететін нөмір атақты Cirque du Soleil бағдарламасында да көрермен назарына ұсынылады.

Тогоев Зураб – труппаның тағы бір талантты әртістерінің бірі, ол қолға үйретілген теңіз мысығымен бірлесе өнер көрсетеді. Сүйкімді теңіз мысығының қылықтары кішкене көрермендердің көңілінен шықты. 

Осымен 3-ші буыны циркте өнер көрсететін Алихановтар отбасы – көптеген жетістіктерге жеткен. Олардың бірегейі – «Ертеңгі күннің циркі» аталатын Халықаралық цирк фестивалінің 3-ші орны. Олардың өнері жұртшылықты қуантатыны – Алихановтардың бір емес, екі нөмірмен сахнаға шығуы. Фэнтези стиліндегі қойылым ешкімді бей-жай қалдырмады.

Ал, Клоун Шурик болса, Алматының кішкентай цирк сүйер қауымының ең асыға күтетін кейіпкерлерінің бірі. Ол сахна артынан көрінер-көрінбесте балалардың тәтті күлкісі естіледі.

 "РФ Еңбек сіңірген әртістері"  Арбузовтардың тәуелкелге толы акробатикалық нөмірін көрермендер тыныс алмай тамашалайды. Өзіндік грация мен мінезге құрылған ерекше қойылым.

Ресейдің Халық әртісі Виктор Кудрявцев пен Еңбек сіңірген әртісі Ольга Кудрявцеваның баулыған аюлары ерекше әсер қалдырды.  

Елена мен Андрей Гончаруктың үйреткен жануарлары да өз көрермендерін тапты. 

А. Оралқызы