«Қазақстанның жануарлар әлемі» атты фотокөрме болады

«Қазақстанның жануарлар әлемі» атты фотокөрме болады
Фото: www.nationalbank.kz

2015 жылы 15 қазан күні сағат 16.00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайында «Қазақстанның жануарлар әлемі» атты фотокөрме өтеді.

Фотокөрмені «Дұрыс аңшылықты қолдау және жануарлар әлемін қорғау» корпоративтік қоры өткізеді.

Көрмеге еліміздің барлық аймағынан 231 сурет ұсынылып, олардың арасынан  40 фотосурет таңдалып алынды.

Бүгінгі таңда ел аумағындағы  жануарлардың көптеген түрі сирек кездесетіндер, ал кейбіреулері жоғалып бара жатқандар қатарына қосылып жатыр. Аталмыш шара қоғам назарын жануарлар әлемін қорғауға және сақтауға шақыруды көздейді.

Жиынға «Дұрыс аңшылықты қолдау және жануарлар дүниесін қорғау» қорының президенті Оралбай Әбдікәрімов, Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері, қоғам қайраткерлері, сонымен бірге Парламент депутаттары қатысады.

Фотокөрме 2015 жылғы 20 қазанға дейін созылады.

@. @assel_assanova