VII Қысқы Қайырымдылық балы өтеді

VII Қысқы Қайырымдылық балы өтеді

Желтоқсан айының 14-жұлдызында Астана қаласында VII Қысқы Қайырымдылық балы өтеді. Барлық түскен қаражат балалар үйі тәрбиеленушілері мен Астананың аз қамтылған отбасынан шыққан балаларды қолдауға жұмсалады.

Бал қысқы ертегі желісімен өтеді. Әдеттегідей, кеш дебютанттардың орындауындағы тамаша билермен – рок-н-ролл, полька, блюз және қазақ вальсімен ашылады. Балда қазақстандық әртістер өнер көрсетеді.

Кеште картиналар мен өнер туындыларының акуционы өтеді. Онда Геннадий Головкиннің қолтаңбасы бар боксерлік қолғап және «Тур де Франс» жеңімпазы Винченцо Нибалидің сары жейдесі қойылады.

Кешті қазақстандық белгілі тележүргізушКешті қазақстандық белгілі тележүргізуші Айгүл Мүкей мен Тәуекел Мүсілім жүргізеді. 

Ұйымдастырушылар: «Болашақ» қайырымдылық қоры, «Нұр Отан» партиясы мен «Radisson HotelAstana» қонақүйі.  

Басталуы сағат: 17:00 де

сурет: «Болашақ» қайырымдылық қорының баспасөз қызметі

Ж. Исакаев