"Алтын жүрек" жүлдегерлері марапатталды

"Алтын жүрек" жүлдегерлері марапатталды

27 қазан күні Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында "Алтын жүрек" жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті, − деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Алтын жүрек" жүлдесіне, міне, сегізінші жыл толып тұр. Жылдан-жылға қайырымды жандар мен олардың мейірімді істерінің саны көбейіп келе жатыр.

2014 жылдың ең қайырымды жандары анықталды!

Жеңімпаздарды марапаттау кезінде Лидо, "Жігіттер" тобы, "Тұран" тобы, Зарина Алтынбаева, "Қоңыр" тобы сияқты халық эстрадасының жұлдыздары ән салды. 

Бұл жылғы "алтын жүректілер":

"Жетім балаларға көрсеткен қамқорлығы үшін" Айдын Рақымбаев;

"Білімді дамытуға қосқан үлесі үшін" "Емшан" компаниясы;

"Мүгедек жандарға көрсеткен қамқорлығы үшін" Әсия Ахтанова;

"Спортты дамытып, оны қолдағаны үшін" Дәулет Тұрлыханов;

"Ардагерлерге көрсеткен құрметі үшін" Дәурен Талипов;

"Жыл меценаты" Майра Ілиясова;

"Ақпараттық қолдаушы" "Shahar" телерадиокомпаниясы;

"Жылдың қайырымды адамы" Талғат Салфиков;

"Жыл ұйымы" "Әскерилендірілген темір жол күзеті" АҚ;

"Денсаулық сақтау саласына қолдау көрсеткені үшін" Алматы Онкологиялық орталығы;

"Қазақстанның өркендеуіне қосқан үлесі үшін" Комохара Масаеси.

Елімізде қайырымды, мейірімді жандар саны арта берсін! Игі істер жасауға ұмтылыңыздар, ағайын!

Суреттер: ©massaget.kz, "Алтын жүрек" жүлдесінің қорынан.

Ф. Абилова