АҚШ-тың санасыз салықтары

АҚШ-тың санасыз салықтары

АҚШ-тың Иллинойс штатының заң шығарушылары халықтың кроссовки киіп жүруіне салық төлеуге мәжбүрлеудің жолын іздестіріп жатыр. Ал басқа штаттарында бұдан да сорақылау салықтар қаптаған. The Huffington Post басылымы АҚШ-тағы ойға келмейтін салық түрлерін жинақтапты. Ендеше таныс болыңыз...

Собалаққа салық...

Нью-Йоркта собалақ (рогалик) жегеніңіз үшін салық төлейсіз. Бұл заң 2010 жылы күшіне енген екен. Салық құны – 9 цент.

Үй жануарларына салық...

Солтүстік Каролинаның Дарем қаласында тұрсаңыз үй жануарларын ұстайтыныңыз үшін 10 доллар салық төлеуіңіз керек.

Кәмпиттерге салық...

Иллинойс штатында кәмпиттің құрамында ұн болмаса жалпы кәмпиттердің салығы 5 пайызды құрайды. 

Қарттар жалпы салықтан босатылады.

Егер сіз Нью-Мексико тұрғыны болып, жасыңыз 100-ден асса ешқандай да салық төлемейтін боласыз. Жүзге дейін кім бар, кім жоқ...

Унитаз суына салық...

Бұл заң арқылы билік өз азаматтарының суды пайдалануда ысырапшыл болмауын қадағалаған. Мэриленд және Вирджиния штаттарында осындай салықтың ай сайынғы құны 30 доллар.

Нашаға салық...

Теннеси штатында осындай салық бар екен. 2006 жылы бұл штат тек қана нашадан 1,5 миллион доллар салық жинай алған. Наркодилерлер анонимді түрде наша сатумен айналысқаны үшін салық төлейді. Марихуана сатсаңыз – 3,5 доллар салық, ал кокайн сатсаңыз – 50 доллар салық төлеуге «мәжбүрсіз».

Балалар жаялықтарына салық жоқ

Коннектикут штатында ересек адамдарға жаялық сатып алсаңыз салықтан босатыласыз да, ал кішкентай балаға алсаңыз керісінше, салық төлейсіз.

Майлықтарға (салфетка) салық

Колорадо штатында майлық-сулықтарды керексіз жағдайда пайдалансаңыз салық төлейсіз. Сондағысы, майлықтар мен бір реткі қолданыстағы пластиктерді үнемдеу көзделген.

Ойын карталарына салық

Егер сіз Алабамада ойын картасын сатып алсаңыз оның құнына 10 цент үстеме салық төлейсіз.

Мерекелік әшекейлерге салық

Техаста қандай да бір әшекей (декорация) жасап, мерекелік ойыншықтар ілу үшін салық төлейсіз.

Татуировкаларға салық

Арканзаста тату жасатсаңыз салық ретінде 6 пайыз тағы төлейсіз.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: mair.in.ua

А. Құлтай