Онжылдықтың он жеті оқиғасы

Онжылдықтың он жеті оқиғасы

Массагет порталы 2002-2012 жылдар аралығындағы ең, ең деген қызықты әрі таңғалдырарлық оқиғаларын тізді. Бұл оқиғалар 10 жылда жазылған ақпарат-жаңалықтардан құралып, интернет бетінде ең көп көрілім жинап, ең көп талқыланған материалдар болып отыр.

- Көркем әдебиет қаһарманы Гарри Поттердің өлімі барша халықты дүрліктірді. Оның қорымына қойылған тас Тель-Авив қаласында тұр. Оның жанкүйерлері көркем шығарманың кейіпкерін өмірден тапқанын бір жағынан қызық көріп, бір жағынан қайғырып тұрған. Ал негізінде жерленген адамның аты расымен де Гарри Поттер болған. Бірақ оның 19 жастағы британ солдаты екенін ешкім де елемеген.

- Германияда бір өнертапқыш әруақтармен сөйлесуге мүмкіндік беретін ұялы телефонын патенттеген. Ол телефонын «телефон-періште» деп атаған. Бірақ оның «біртүрлілеу» аппаратын бар-жоғы үш-ақ адам 1,5 еуроға сатып алған көрінеді.

- Жаңалықтардың бірінде сөйлей алмайтын виртуоз-пианинашы туралы айтылған болатын. Ол Ұлыбританияның бір демалыс орнындағы саяжайда адасып жүрген екен. Бұл ақпарды естіген, көрген, білген адамдар оған деген аяушылықпен қаншама жақсы сөздер айтып, жағдайына алаңдаған еді. Сөйтсек, ол адамдарды алдап, талан-таражға салып жүрген аферист болып шыға келген...

- Жапонияда жол апаты болған соң, полицейлер ондағы адамдарды құтқарып жатады екен. Сол кезде қол-аяғы дін-аман бала табылады. Бала өзінің өміріндегі ең маңызды емтиханды тапсыруға бара жатып, апатқа ұшырағанын айтқанда, тәртіп сақшылары оны өз көлігімен жеткізіп тастаған екен. Сонда полиция көлігі емтихан орнына 10 минут ерте келіпті...

- Аустралияның Ньюкасл қаласында 2005 жылы аспаннан балапан жауған көрінеді. Полиция қызметкерлері бұл істі катапультпен атқан тәртіп бұзушылардан көрген екен.

- Түркияда әйелдер мен ерлерге арналған ортақ түрме бар. Түрменің жаза өтеушілері бір-біріне деген махаббатын сонда табады-мыс. Тіпті бір кезде қос ғашық ортадағы қабырғаны тесіп алған көрінеді. Кейіннен оларда бала пайда болып, ал сот олардың қабырғаны бұзу арқылы мемлекет мүлкін бүлдіргені үшін екеуін де 4 айдан қосымша жазаға кесіпті.

- Британ қаласы тұрғындары өнерге арналған бір көрме жасайды. Көрмеге көптеген зат қойылады. Оның ішінде бір киелі делінген тас бар екен. Оған қаратыла айтылған әрбір сөз апат пен ажалға алып келеді деп сендірген ұйымдастырушылар халықтың тасқа жоламауын өтінеді. Сонда да қызық көруші адамдар бірді-екілі сөз айтып үлгереді екен. Тастың қарғысынан ертесі күні бұл қаланы топан су басады. Мал жаппай жұтқа ұшырап, өндіруші орындар жабылып талан-тараж болған екен.

- Хорватия президенті Стипе Месичке сыйлық беріледі. Сыйлық ретінде берілген картина жергілікті бір көрмеде қолды болғанын естіген ел басшысы қарабет болған екен.

- Израильде біраз жасқа келген адам өзінің әйелімен ұрсысқан соң үйіндегі сейфтен тура 680 мың доллар ақшаны аулаға шығарып өртеп жіберген.

- Англияның уимблдон теннис турнирінің басшысы жұмыстан шығу туралы арыз бере отырып, өз сөзінде теннис ойнаушылардың айғайы жүйкесіне әсер етіп жүргенін айтқан. Оның айтуы бойынша, ойыншылардың дауыстары жылдан-жылға зорайып бара жатыр-мыс.

- Жаңа Оңтүстік Уэльс аустралиялық штатының білім жөніндегі комиссиясы оқу бітірушілерінің емтиханы ретінде серфингті кіргізуді ұсынған екен. Десек те, аталған ойға қарсы шығушылар көбейген соң, ол тек сөз ғана болып қалды.

- Германияның Ішкі істер департаменті азаматтарға паспортқа түсер кезде күлуге тыйым салған. Олардың ойынша, адам күлген кезде бет-пішіні өзгереді екен.

- «Ай елшілігін» құрған қытайлық компания айдың бетінен жер сатуды көздепті. Оның басшысы бұл ісіне заңда ешқандай да тыйым салынбағанын айтады. Десек те, билік бұған келіспей, компанияны жауып тастапты.

- Лос-Анджелес қаласында таксист өз көлігінде қалып кеткен бриллиантты егесіне апарып берген. Бұл ісі үшін бриллиант егесі оған 10 мың АҚШ доллары және алтын браслет сыйлаған екен. Ал қайтарылған бриллианттың құны 350 мың доллар.

- Белгісіз еркек Монтана штатында біртүрлі қылмыс жасаған. Ол пиццерияға кіріп, «Дүкендеріңді тонаймын!» деп айғайлаған. Қорыққан сатушылар ақша ұсынған кезде әлгі жігіт 3 адамға жететін пицца алған да тайып тұрған екен.

- Нью-Йорк тұрғыны таңмен жұмысына кеткен де жоқ болған. Кешкісін оның дос қызына бөтен бір еркек телефон соғып 2000 доллар талап еткен. Қорыққан қыз полицияға хабарласқан. Полиция өз кезегінде телефон шалған жерді іздестіріп барса, онда күйеуі аман-есен отырған болып шықты. Өз-өзін ұрлап әкеткен жігіт үлкен көлемде айыппұл төлейтін болып жазаланды.

- Америкада Ким есімді қыз миының бөлігінде қатерлі жара бар екенін білген соң-ақ әлеуметтік желілер арқылы ақша жинауға кіріскен. Ақшаны ол өзінің өлгеннен соңғы денесін арнайы термотоңазытқышқа салуына жаратқысы келіпті. 70 мың доллар жинаған қыз 17 қаңтарда қайтыс болып, оның денесі термотоңазытқыш камерасына сақтауға қойылған. Қыздың арманы болашақта керемет дәрілер шығып, өзін тірілту болған... 

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: wmeste.by

А. Құлтай