Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Езутартар / Америкалық жұмыс жасамай ақша табудың көзін тапты

Америкалық жұмыс жасамай ақша табудың көзін тапты

Америкалық жұмыс жасамай ақша табудың көзін тапты

Қытайдың программистері америкалық азаматтың жұмысын жасап беріп жүрген. Verizon компаниясының компьютерлік бағдарламалар құрастырушысы өз кезегінде басшылықтың көзіне түспей, жұмыс уақытында интернетте ойын-сауық құрады екен.

Боб есімді қызметкер толық жұмыс күнінде жұмыс орнында болады екен. Және өте маңызды нысандармен айналысатын болған. Сөйте тұрып, ол қытайлық консалтингтік компаниясымен астыртын келісімшартқа отырыпты. Ол өзіне берілген жұмыстарды Қытайға пошта арқылы жіберіп, ал кейіннен дайын жұмысты қабылдап алып, басшылыққа өткізетін болған. Ал жұмыстың орнына интернет бетіндегі түрлі қызық-сауықтарды көрумен өткізген.

Қулыққа әбден салынған қызметкерді ұстап берген VPN логосы болып шықты. Алғашқы кезде әкімшілік ішкі жүйеге Қытайдан арнайы хакерлер қосылып отыр деп ойлапты.

Құжаттар тек Бобтың атында болғандықтан оның соңына тыңшылар түсіп, кейіннен жұмысқа төленген ақша есебі шыққан кезде бар ақиқат айдай көрінеді.

Ал Бобтың браузеріннен тек Reddit сайтынан көрілген видеолар мен Facebook және LinkedIn секілді әлеуметтік желілерде уақыт өткізетіндігі белгілі болған.

Боб өз кезегінде, атқарылған жұмыстары үшін жиі алғыс хаттар алып, мақтаулылар қатарына еніп жүрген маман болған екен. Ал оның жылдық табысы «бірнеше жүз мың долларға» жетіпті. Ал қытайлық жалдамалы жұмысшыларына ол өз табысының бестен бір бөлігін ғана төлеп отырған.

Verizon компаниясының бұл істен соң өзінің «жалқау» қызметкерін жұмыстан босатудан басқа амал қалмаған екен...

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: bespalov.me

368 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 21 қаңтар 2013, 01:00
Пікірлер
+0
21 қаңтар 2013, 11:50

жақсы әдіс екен. Американдықтан қулық артылған ба? Меніңше, кейде тыңшылықпен айналысқан дұрыс

+0
21 қаңтар 2013, 13:00

БАсың істесе олай да істеуге болады :lol:

+0
21 қаңтар 2013, 13:44

Қиын шаруа емес, сонда да адал жұмысқа не жетсін! :geek:

+0
21 қаңтар 2013, 17:54

ИА қатырған екен :D

+0
21 қаңтар 2013, 18:07

акымак!

+0
22 қаңтар 2013, 03:58

tek arasnda bolsa bolip turgan idea eken :twisted:

+0
24 ақпан 2013, 08:59

Суреті жыынды екен.......

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...