Оғаш тақырыптар! Ағылшын баспасөзі...

Оғаш тақырыптар! Ағылшын баспасөзі...

Әлемде талай қызық бар! Әсіресе, баспасөз беттерінде кездесіп жататын тақырыптар адамды еріксіз күлкіге тартатындай. ...Не мағынасы, не ой жүгі жоқ сөздер сонда да бір қарауға тұрады.

"Өз өліміне дейін екі сағат алдын Диана тірі болатын".

"Ұшатын құрттар - бұл қанаты бар ұшатын құрттар!"

"Федералдар қару сататын дүкенге басып кіріп, қару тапқан".

"Үйсіз-күйсіз жүргендер қыстан шықты. Енді олармен қалай  боламыз?"

"Өлімнің құрбандары полицияға куәлікті (түсінікті) аз береді".

"Мәйітханада болған атыс артына 17 адамның өлігін қалдырған".

"Көпірлер адамдардың арғы бетке өткеніне көмектеседі".

"Не үшін құбырдан иіс шығатынын қала да жақсы түсінбейді".

"Қорғаушыны өлтірді деп айыпталған жанға жаңа қорғаушы тағайындалды".

"Пуэрто-Рикалық жасөспірім-қыз "Әлем Ханымын" жеңіп алды.

"Қабірді ашу барысында адамның сүйектері табылды".

"Қасапшылардың бастығы жұмыстан кететінін айтты".

"Ерлер хорының әншілері керең жандарға арналған мектепті бақытқа бөледі".

"Ауруханалар дәрігерлерді жұмысқа алуға мәжбүр. Әкімшіліктің хабарлауы бойынша, психологтардың жетіспеуі салдарынан осыған барып отырған көрінеді".

"Сегіз рет мас күйінде ұсталған көлік жүргізушісі барлық кінәні ішімдікке жапты".

"Мектептің жабылуына қарсы ата-аналар балаларын үйден шығармай отыр".

"22 ақпанда полиция бәрін тұтқындаған".

"Енжарлыққа қарсы өткен шеру кімді қызықтыруы мүмкін?!"

"Аштық денсаулықтың қиындауына алып келуі мүмкін".

"Күннің тұтылуын "Northwoods" радиосы тікелей эфирде тарататын болады".

"Ғажап дәрі-дәрмектен осымен бесінші емделуші көз жұмып отыр".

сурет: gzhichang.umiwi.com

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига