Bottle Cap Challenge: Жаңа челлендж несімен ерекше?

Bottle Cap Challenge: Жаңа челлендж несімен ерекше?

Жыл сайын ғаламтор әлемінде әр түрлі челлендждер пайда болады. Біреуі қызық үшін болса, екіншісінің айқын мақсаты бар.

Биыл Bottle Cap Challenge деп аталатын флешмоб танымал болып келеді. Осы орайда челлендждің тарихына кішігірім шолу жасап өтейік.

Bottle Cap Challenge деген атаумен алғашқы видео Instagram желісіне сонау 2017 жылы жүктелген. Алайда флешмоб бірден танымал болып кеткен жоқ. Сол жылы тағы бір видео қосылса, 2018 жылы бірнешеуі жүктелді. Биыл челленджі қайта өмірге келгендей. helena_tigres атаумен тіркелген каратеші қыз 24 маусым күні алғашқылардың бірі болып челленджі бастайды. Видеода спортшы қыз бөтелкенің қақпағын айналып тебу арқылы ашты. 

Одан кейін челленджі қазақстандық таэквондошы Фараби Давлетчин қайталап көрді. Әлем чемпионы Хеленаға қарағанда сәл өзгеше істеді. Ол бөтелкенін қақпағын секіріп теуіп ашты. Артынша Фараби эстафетаны танымал спортшылар мен актерларға — Джеки Чан, Жан-Клоду Ван Дамм, Сергей Бадюк, Скотту Эдкинс пен Аарон Гэссорға жолдады.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

New Challenge with #farakickschallenge ????! Sending a challenge @jasonstatham @blessedmma @thenotoriousmma @jonnybones . Waiting for you video friends .???????? ⠀ Новый челендж с бутылкой????. Принял челендж от @skif68 @karo_pashikyan ???????????? ⠀ ⠀ ⠀ ⠀ ⠀ ⠀ ⠀ ⠀ ⠀ ⠀ ⠀ ⠀ ⠀ ⠀ ⠀ ⠀ ⠀ ⠀ ⠀ ⠀ ⠀ ⠀⠀ ⠀ ⠀ ⠀ ⠀ ⠀ ⠀ ⠀ ⠀ ⠀ ⠀ ⠀ ⠀ ⠀ ⠀ ⠀ #bottlecapchallenge #farakicks #farakickschallenge #mixedmartialarts #tkd #taekwondowtf #taekwondo #fighter #sidekick #trainning #jeetkunedo #jump #kungfu #kicks #taekwondoitf #каратэ #ткд #martialarts #태권도 #challenge #karate #kickboxer #kickboxing #farakicks #martialartist #blackbelt

Публикация от Master Fa (@farakicks)25 Июн 2019 в 8:47 PDT

Фараби Давлетчиннің шақыртуын ешкім қабылдаған жоқ. Алайда қазақстандық спортшының видеосын Acronym брендінің негізін қалаушы, дизайнер Эрролсон Хью байқап қалады. Ол да флешмобты қайталап, қызықты ету үшін видеосын баяулатты.

 

Хьюдің шақыртуын UFC жұлдызы Макс Холлоуэй қабыл алып, видеоны екі күнде 2 миллион адам қараған. Осыдан кейін Bottle Cap Challenge танымал болып, әлем жұлдыздары мен әлеуметтік желі қолданушыларының ермегіне айналды. 

Бұдан кейін челленджді британиялық актер Джейсон Стэтхем әдемі қайталады.

"Керемет жұмыс, Джейсон Стэтхем. Бөтелкені сен үшін ашамын. Енді Флойд Мейвезерді шақырамын", - деп жазды аралас жекпе-жек жұлдызы Конор Макгрегор.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Excellent job @jasonstatham, I tip my cap to you. I’ll take it from here. I nominate Floyd Mayweather. @properwhiskey

Публикация от Conor McGregor Official (@thenotoriousmma)1 Июл 2019 в 2:40 PDT

Қазір #bottlecapchallenge хэштегі бойынша Instagram желісінде 6 211 видео жарияланған. Оның ішінде қазақстандық спортшылар мен қатардағы азаматтар да бар.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Эскимостар туралы қызықты деректер
Эскимостар туралы қызықты деректер
"Манчестер Сити" "Реалдан" айласын асырды, Роналдудың дублі "Ювентусты" келесі кезеңге шығара алмады (видео)
"Манчестер Сити" "Реалдан" айласын асырды, Роналдудың дублі "Ювентусты" келесі кезеңге шығара алмады (видео)
Аммиак селитрасы тарихта бірнеше рет үлкен жарылысқа себеп болған
Аммиак селитрасы тарихта бірнеше рет үлкен жарылысқа себеп болған
Үй жануарларына зиян бөлме гүлдері
Үй жануарларына зиян бөлме гүлдері
Еуропа лигасы. Ширек финалға шыққан командалар анықталды
Еуропа лигасы. Ширек финалға шыққан командалар анықталды
Күннің ысуы адамзатқа қауіп төндіре ме?
Күннің ысуы адамзатқа қауіп төндіре ме?