Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Езутартар / "Жайдарман live" чемпионы анықталды

"Жайдарман live" чемпионы анықталды

25 қарашада «Жайдарман live» жобасының ақтық мәресі өтті. Маусымды бастаған 24 топтың ішінен іріктеліп, суырылып шыққан 6 команда ақтық сында жоғарғы деңгейде өнер көрсетті.

Қоғамдағы өзекті мәселелерді әзілмен ұштастырып, қалжыңмен астарлы әңгіме айта алып жүрген жастар көпшіліктің де көңілінен шығады. Жайдарман – қалың көрерменге ұлттық арна арқылы жайдарлы көңіл-күй сыйлап жүрген Есен Елеукеннің жобасы. Жоғары, премьер, бірінші, орталық және аймақтық лигаларға бөлінген бұл ойынға тіркелген командалардың санында шек жоқ.

2005 жылдың 20 маусымынан өз жұмысын бастаған жайдарман қазақ өнеріне үлкен үлес қосып жатқан мектеп. Бұл мектептің түлектерінің алды бүгінде еліміздің намысын қорғап, Халықаралық КВН ойындарында топ жарып жүр. Көбісі кино, ән, журналистика саласында, әзіл-сықақ театрларда қызмет етуде. Осы ойынның негінде құрылған бірнеше команда жеке жобаларымен көрерменнің көзайымына айналды.

Биыл ең алғаш ұйымдастырылған «Жайдарман live» бұрынғы премьер лиганың жалғасы. Жыл басында 24 команда қатысуға жолдама алған бұл жоба алға қойған жоспарларын толықтай орындай алды. 2011 жылдан бері жоғары лига чемпиондары атанған 6 топ бұл сайыстың командаларына тәлімгер болды. Алғашқы сайыста әр тәлімгерге 4 топтан бұйырды. Ақтық ойында сол 6 тәлімгердегі 4 топтың ең үздіктері өзара бақ сынасты. Танымал қоғам қайраткерлері, журналистер, сықақшылар төрелік еткен ойынның қазылары финалға лайық ойын болды деп тарқасты.

Нәтижесінде, Арқалық қаласының бойжеткендерінен құралған «Ару.kz» жайдарман тобы саяси, өзекті мәселелерді орынды қозғай алатын тапқырлықтарының арқасында 3 орынды иеленді. Жайдармандағы Шығысттық командалардың ешқандай топқа ұқсамайтын өзіндік стилін жаңашалап әкелген «Жаңа Семей» 2 орынға қол жеткізді. Ал, «Жайдарман live» чемпионы деген атаққа Қызылорда облысының «Жаңақорған» құрамасы қол жеткізді. «Арал-ас» командасының шәкірттері өтімді әрі қабылдауға жеңіл әзілдерімен көрерменнің де, әділ қазылардың да көңілінен шықты. Сонымен қатар, заманауи бағытта әзіл жазып, көрініс кезінде видео әзілдерін ұтымды қолданып жүрген алматылық ІТ құрамасы да көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Бұл жобада өз өнерлерімен көзге түсіп, көрерменді мойындата білген үздік топтар алдағы жылы жоғары лигада бақ сынайды.

0
Рейтинг: +2

Дайындаған: Аслан Қажиев
Фото: jaidarman.kz
Қосылған күні: 24 қараша 2017, 15:05

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.