Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

Тек сол адам...
Тек сол адам...

Автор: Әсел Асанова

Статус: Редактор

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Езутартар / Қызықты мақал-мәтелдер айта отыралық....

Қызықты мақал-мәтелдер айта отыралық....

Қызықты мақал-мәтелдер айта отыралық....

Қазақ сөзге бай халық. Ал арасында қаншама қызық та болса, салмағы басым мақал-мәтелдер жүр. Ендеше, ағайын, бар білгенімізді осында топтастыра отырайық. 

Сорлы тышқан соқыр мысық бар дегенге сенбейді.

 

Өмір көрген түлкінің үш-үштен іні болады.

 

Есек семірсе иесін тебеді.

 

Тауықтың түсіне тары кіреді.

 

Жақсыдан қалған сөз олжа, тоқтыдан туған қозы олжа, ойнастан туған ұл олжа.

 

Жығылып жатып қисайғанға күлме.

 

Бастық кеткенше, адам өлгенше ғана сыйлы.

 

Қатын қысылса шағынады,

Ер қысылса сабылады.

Қатын ұшынса қағынады,

Ер ұшынса шабылады.

 

Бұқаны көрген бұзау оңа ма?!

 

Байлауы жоқ шешеннен,

Үндемеген есті артық.

Бәйге алмаған жүйріктен,

Белі жуан бесті артық.

 

Соқыр тауыққа бәрі бидай.

 

Арамза бұқа ұрғашы бұзаудың жанында ұйықтайды.

 

Қасқырдан хал кетсе, ешкіні апа дейді.

 

Құнажын көзін сүзбесе,

Бұқа бұйдасын үзбейді.

 

Бүркіттің сайрағаны өлгені.

 

Есенің де есесі, есектің де шешесі бар.

 

Тоқал ешкі мүйіз сұраймын деп сақалынан айрылыпты.

 

Қызы бар үйдің жеңгесі сүйкімді.

 

Бардың қатыны өлсе төсегі жаңғырар,

Жоқтың қатыны өлсе басы қаңғырар.

 

Еріншек қатынның етегі жыртық,

Ерке қатынның ерні тыртық.

 

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: legko.be

104296 16
Рейтинг: +7

Дайындаған: Қайсар Қауымбек
Қосылған күні: 09 қазан 2012, 17:39
Пікірлер
+0
09 қазан 2012, 17:07

Ее, осы ма сұрап отырғаныңыз ))

+0
09 қазан 2012, 17:09

жолы болар жігіттің жеңгесі шығар алдынан :D

+0
09 қазан 2012, 17:41

"Қазақ сұраса келе,қойнындағы қатынымен қарын бөле болып шығады"

+0
09 қазан 2012, 17:42

Еркектің қоры күлегеш,Әйелдің қары күлегеш

+0
09 қазан 2012, 17:56

қазақ қалт айтпайды )))

+0
09 қазан 2012, 19:17

Қасқырдан хал кетсе, ешкіні апа дейді. :lol: :lol: жалпы, бәрі қызықты))

+0
09 қазан 2012, 20:47

жазда повыр болма,кыста шопыр болма! :)

+0
09 қазан 2012, 20:50

Тыныш тұрған бүркіттің к***н шұқып үркіттің :lol:

+0
09 қазан 2012, 21:19

Артың таза болсын десең, қағазың көп болсын))) Түсінген адам түсінеді

+0
09 қазан 2012, 22:01

Басы жап-жақсы басталып еді, аяқ жағы сұйылыыыыыыыып кетіпті ғой(((

+0
09 қазан 2012, 22:58

Екi туйе суйкенсе,ортасында шыбын оледi

+0
09 қазан 2012, 23:39

"Аш тауықтың түсіне тары кіреді" емес пе? Әйпесе "ашсыз" мағынасы сәл көмескіленіп қалған сияқты.

+0
10 қазан 2012, 10:57

крышасы бардың мұршасы бар, Өлетін бала колаға, Өсетін қыз құдабалаға қарайды)))

+0
11 қазан 2012, 10:28

Ой, барекелді, тамаша мақал-мәтелдер қосылып жатыр екен. мен біреуін әкелейін мұнда: Жігіт көңілшектігі аттың соры, қыздың көңілшетігі к... соры!

+0
12 қазан 2012, 00:34

:D :lol: :lol:

+0
29 маусым 2016, 06:10

Өгіздің өзі қартайса да танауы қартаймайды.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...