Сөздерді тура мағынасында қолдансақ...

Тіліміздегі кең қолданысқа ие біріккен сөздер, қос сөздер мен сөз тіркестерін дәл сол қалпында қабылдасақ қалай болар еді деген ой сізді толғандырып көрмеді ме? 

Ендеше Массагет порталы сіздерге тура мағынасындағы сөздердің сурет – композициясын ұсынады.

Мағынасы: Бір – бірімен жауласу, араздық.

Мысалы: Ағайындылардың арасындағы алауыздық әулеттің атағына кір келтіреді.

 

Мағынасы: Кенеттен, ойламаған жерден.

Мысалы: Аяқ астынан болған апаттан ешкім зардап шекпеді.

 

Мағынасы: Башпайдың ең үлкенін, ірісін халық арасында осылай атайды.

Мысалы: Жанталасып жүріп, басбармағымды үстелдің шетіне ұрып алдым.

Мағынасы: Ел аузында аспандағы жеті жұлдызды «Жеті қарақшы» деп атайды.

Мысалы: Алматыда жұлдыздар сирек кездесетіні соншалықты, «Жеті қарақшының» өзін табу қиын.

Мағынасы: Сүтқоректі суда мекендейтін аң.

Мысалы: Ғалымдар Каспий жағалауынан табылған итбалықтарды нағыз итбалықтар тұқымдасына жатқызды.

Мағынасы: Шипалы өсімдік.

Мысалы: Итмұрын – дәрумендерге бай жеміс.

Мағынасы: Киім мен мата, тұрмыстық жағдайда қолданатын сабын түрі.

Мысалы: Дене мен бетті кір сабынмен жумайды.

Мағынасы: Өзге адамдарға жанашырлық таныта білмейтін адам.

Мысалы: Асанның тас жүректілігі ата-анасының көңіліне кірбің ұялатты.

Мағынасы: Тамақ ішерде қолданатын құрал

Мысалы: Тамақтан соң ыдыс-аяқты тазалауды әдетіңе айналдыр.

Мағынасы: Басы үлкен адамға қойылған лақап ат.

Мысалы: Біздің көрші ағайды кішкентай балалар "Қазанбас" деп атайды.

Сіз осыған ұқсайтын қандай сөздерді білесіз?