Перзентхана алдындағы әкелердің қызықтары

Перзентхана алдындағы әкелердің қызықтары
Фото: Kaztrk.kz

Алғашқы қадамын жайдарман ойындарынан бастап, кейіннен өздері театр құрған "Өнер қырандары" театрының жігіттері бүгінде біраз белесті бағындырып үлгерді. Бір үйдің баласындай жұмыла жасаған еңбектері елдің зор ықыласына бөленді. Көптің көңілін тауып, жұрттың мұңын әзілмен жеткізе білген әртістер бұл жолы кеңес үкіметіне көңіл аударуды жоспарлаған екен. Белгісіз бір перзентханаға келіп әйелдері мен сәбилерін күтіп тұрған әкелердің қызықты әңгімелерін сахналап, қойылым ретінде ұсынған. Қойылымда ең алғаш ғарышқа ұшқан Тоқтар Әубәкіров пен тәуелсіздіктің алғашқы күні аталған. Сонымен күлдіріп отырып терең ойға қалдырар видеоны тамашалаңыздар.

B. ZHAQSYMBET