Ойыншықтарынан түрі айнымайтын бүлдіршіндер

Ойыншықтарынан түрі айнымайтын бүлдіршіндер
Фото: google.kz

Бүлдіршіндердің әрбір қылығы ата-анасына ғана емес, өзге де адамдарға қызықты. Кішкентайдың тәй-тәй басқанына тамсанатын көпшілік, былдырлап сөйлеген кезде жүректері ауыздарынан шығып кете жаздайды. Ал көңілдері кіршіксіз сәбилердің бар есіл-дерті ойыншықтарда ғана болады. Бір қарағанда барлық қуыршақ, көліктерді бөле-жармай ойнайтындай көрінеді. Алайда, жете назар аударсаңыз әрбір сәбидің өзінің сүйікті ойыншығы болады екен. Ол өзінен айнымайтын болуы да ғажап емес. Көп адам байқай бермейтін тамаша фотоларды ұсынамыз.

Қуыршаққа еліктеп киінген бүлдіршіндер.

Егізін тапқан сәбилер.

Қыз балалар қуыршықты құшақтап ұйықтаса, ұлдар бірге ас ішеді екен. 

Күліп жүрген қуаршықтың қасында қашанда көңілді.

Қуыршақты ұйықтатамын деп, өзі ұйықтап қалған балақай. 

Екеуміз де қуыршақпыз. 

Сабырлы бүлдіршіннің қуыршағы да өзінен аумайды екен. 

B. ZHAQSYMBET