Ергежейлі (Видео)

Ергежейлі (Видео)

Ергежейлілер жайында көптеген әңгіме, ертегі, фильмдер мен мультиктер бар. Ал мынау қысқаметражды мультфильмде ергежейлі шалдың басынан өткен бір қызығы мен шыжығы сізді аздап ойландырып тастауы да мүмкін. Көңілі көтеріңкі ергежейлі шалдың жақсылық жасап артынан қайта қастандық жасауына не себеп, қимаған ұйқысы ма, әлде жоқ басқа бір себеп пе?! Оны білгіңіз келсе көріңіз. 

Біле жүріңіздер: ең кішкентай ергежейлілер – әлемдегі ергежейлілер арасындағы ең кіші бойлы адамдар. Мәліметтерге сүйенсек ең кіші ергежейлердің бірі – Хуан де ля Крус. Оның бойы 48 см. 15 ақпан 1957 жылы Үндістанда дүниеге келген Гал Мохаммедтің бойы, 1990 жылы 19 шілдеде өткізілген анықтаманың қорытындысы бойынша, 57 см-ге болған. Салмағы – 17 кг-ға әзер жеткен.

М. Ақан