"Шаншар" театры террорлар қоршауында (видео)

"Шаншар" театры террорлар қоршауында (видео)
Фото: 1080.plus

Аты шулы лаңкестік қылмыстар ел тыныштығын бұзушы факторлардың біріне айналып барады. Қолына қару алып, қарапайым халық пен құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне төтелей оқ жаудырар теріс пиғылды жандардың мұндай әрекетінің себебін ешкім түсінбей жүр. Осы ретте қоғамның қасіретті тұстарын әзілмен жеткізетін "Шаншар" театрының актерлері де қанды қол қылмыскерді әзілге қосқан екен. 20 жылдық мерейлі мерекесінде қару асынып бетперде киген жігіттің қысымы мен әртістердің оғаш қылықтары залда отырған халыққа күлкі сыйлады. Жемқорлық пен лаңкестікті біріктірген қызықты әзілге назар аударыңыздар.

B. ZHAQSYMBET