Египет пирамидасының пульті табылды (видео)

Египет пирамидасының пульті табылды (видео)
Фото: faaf.tv

Египет пирамидаларының әлі де біз білмейтін құпиялары жетерлік. Ғалымдардың зерттеуі барысында уақыт өткен сайын жаңа бір тылсым дүние табылып жатқаны белгілі. "Pixar" студиясы осы бір таңғажайып дүниені анимациялық мультфильм ретінде ойлап шығарған екен. Түйесімен шөл далада жүрген жолаушы пирамида маңайынан басқарушы пульт тауып алады. Жұмбақ нәрсеге таңғалған бейбақ ішіне кіруге бағыт алады. Алайда, әр нәрсені қызықтап жүретін жануар тістелеп, барлығын бүлдіріп жібереді.

B. ZHAQSYMBET