Күлкістан театры – "Ардагер шал"

Күлкістан театры – "Ардагер шал"
Фото: dailymotion.com

Өзге біреудің абыройын пайдаланып, өз тірліктерін бітіріп алатын пенделер саны бүгінгі қоғамда жетіп артылады. Бас пайдасы үшін өз жақынын жаман атты қылатындардың бүгінгі ісі ертеңгі кәсібіне айналып жатқаны көз алдымызда. Олай дейтініміз, оңай байлыққа ие болып маңдайы шылқып жүргендер қара терге түсіп, ауыр жұмыс істеуге мүлде зауқы соқпайды. Осындай қу жалқаулардың күнделікті жұмысын сахналаған "Күлкістан" театрының жігіттері халықты бір күлдірді. Ұлы Отан Соғысына қатысқан әкесін сұраншақ қылып көрсеткісі келген ұлдың әрекеті ойындағыдай болмады. Қаладан келген журналиске өтірік-шыны аралас сұхбатын берген ақсақал соңында жақсы сергіп қалғанын да тілге тиек етеді.

B. ZHAQSYMBET