Әлем тиін көзімен (видео)

Әлем тиін көзімен (видео)
Фото: www.avito.ru

Жануарлар әлемді қалай көретіні барлығын қызықтырады. Сол себептен қазіргі кезде иттер мен мысықтарға камера іліп бақылауды жиі көретіндер көп. Алайда тиін секілді кішкентай жылмаң аңға камера ілу оңай емес. Бұл іс YouTube желісінің Viva Frei атты қолданушысының қолынан келді. Ол өзінің GoPro камерасын тиіндар мекендейтін жерге тастап кетіп, кеміргіштің гаджетті ұясына алып кетуін бақылап отырады. Нәтижесінде, өте қызық видео шыққан. 

Көріп отырғаныңыздай, тиіндерден жақсы бейнеоператор шығады екен. Камераны ұрлап кеткен тиін өзінің ағаштармен жүрген жолын түсіріп, содан соң өзін қауіпсіздікте сезініп, камераны кеміріп көреді. Алайда кеміруге келмейтіндіктен, камераны тастай салады. Ал осы уақытта камераның иесі тиінді жоғалтып алмас үшін ағаштан ағашқа жүгіріп, аңдиды. Содан соң ол шөпке құлаған камерасын тауып, жеңілдене демалады. Видеоның қызықты шыққаны соншалық, бейне ойын өндірушілері өздеріне роликтен жақсы идея ала алады. 

А. Жапатова