"Күлкістан" театры – Жол полициясы қандай жолды таңдайды?

"Күлкістан" театры – Жол полициясы қандай жолды таңдайды?
Фото: youtube.com

Көше нақылына айналған "танысы бардың шанысы бар" дегендей, қазақтың әр уақытта қиындықтан алып шығар ағайын жақындары болғаны рас. Өсем деген інісін демеп жүрер ағалары барда, біраз адамның айы оңынан туып, жұмысы жемісті болуда. Дәл осындай қиын да болса құйтырқы әрекеттерімен халық арасында кеңінен танылған жол полиция өкілдерінің мамандығы қызу әзілдің ортасында екендігі белгілі. Заңды ысырып, қалтаны қалыңдатып жүрген жандар қалай да болса соқтығысқан адамнан қаражат алуды көздеп тұрады. Әрине көпке топырақ шашудан аулақпыз. Әрбір мамандықтың білікті жұмыскерлері мен арына адал жандары жетерлік. Тек, "атың шықпаса жер өртенің" кейпін танытып жүргендер жақсы мамандықты жаман әрекеттерімен әшкерелейді.

Бүгінгі тамашалайтын әзілдеріңіз балық аулауға келген салық комитетінің жұмысшысына жол полициясы келіп жөн-жосықсыз қарекеттер жасаумен басталады. Аға-көкелеріне айтып бірін-бірі жұмыстан шығартқан қос азамат соңында татуласып тәубеге келеді.  

B. ZHAQSYMBET