Лотореядан ұтқан жандар қалай өзгереді (Видео)

Лотореядан ұтқан жандар қалай өзгереді (Видео)
Фото: bugaga.ru

"Бақ шаба ма, бап шаба ма" демекші, әркім өзінің таңдаған жолының жемісін көруді армандайды. Ұзақ еңбек етіп, қалтаны қалыңдатып, жанына керектің барлығын алғаннан кейін өзін бір жайлы сезінеді.

Бүгінгі қоғамның басты мұқтаждығы ақшаға келіп тірелетіні беседен белгілі. Кімнің қалтасында қомақты қаржы болса, бұл жалғанның неше түрлі қызықтарымен қоса кереметтерін көруге мүмкіндігі жетпек. Бірі ұзақ еңбек етіп, таңның атқанынан күннің батқанына дейін аянбай тер төгіп ақша жинаса, енді біреудің бағы жанып оңай байлыққа кенеледі. Осындай оңай ақша табудың бірі – лоторея. Әр күн сайын қолыма байлық қонсын деген жолмен талай адам өз бағын сынап көруге ұмтылады. Алайда, барлығына бірдей мұндай бақытты сезіну жазылмасы анық. Ұзақ жылдар ойнап, үміті күдікке айналған адамдар ұтпайтындығына көз жеткізіп, біртіндеп оған сенуден қалады. Ал, ұтқан адамдар бір күнде көп ақшаның иесі бола қалса жағдайы тым басқаша болады. Осындай оқиғаны көрініс ретінде қойған "Шымкент Шоу" театрының әртістерінің қойылымына назар аударыңыздар. 

B. ZHAQSYMBET