Қасыққа таласқан маймылдар (Видео)

Қасыққа таласқан маймылдар (Видео)
Фото: youtube.com

"Екі қошқардың басы бір қазанға сыймайды" дегендей, кішкентай балалардың бір ойыншыққа таласып, жан даусы шығып жылап жататынын жиі байқаймыз. Олардың басты мақсаты онымен ойнау емес, тек өзінің еншісіне алып қалу. Сол уақытта екіншісінің көзі жасқа толып, маңайынан басқа затты іздеуге кіріседі. Бұл – әрбір екі баланың арасында болып тұратын жағдай. "Pixar" студиясы кішкентай балалардың қылықтарын өздеріне білінбесе де, күлкілі мультфильм ретінде көрсете білген екен. Қасыққа таласқан қос маймылдың әрекеті тым күлкілі. Жеңіп алған жануардың бір ұпайы артық болғанымен, одан шегетін зардаптың кейде екі есе болатындығын тура көрсеткен. Сонымен түсінігі мол мультфильмге назар аударыңыздар. 

B. ZHAQSYMBET