Бала қалай пайда болады? (Видео)

Бала қалай пайда болады? (Видео)
Фото: youtube.com

Кішкентай балалардың тәтті қылықтарына тоймайсың. Әртүрлі әрекеттер жасап, балдай тілдерімен үлкендердің ойына келмейтін сұрақтарды қойып, ойландырып жатады. Сондай ең көп қойылатын сұрақтардың бірі, "анашым, кішкентай бала қалай пайда болады?" Баласының осындай сұрақ қоярын білетін жандар "аспаннан пайда болдың", аузымнан түстің", "ішімнен шықтың" деген секілді жауабын беріп, балаларды мәз қылады. Мультфильм жасаудың шеберлерін жинап, нәтижелі еңбек жасап жатқан "Pixar" студиосының тың идеалары талайды таңғалдырып жүр. "Балалар қалай пайда болады?" деген керемет мультфильмі көрерменге күлкі сыйлап, тамаша әсер қалдырады. Мұнда тек адамдардың ғана емес, жан-жануарлардың да кішкентайлары қалай дүниеге келетіні көрсетілген. 

B. ZHAQSYMBET