"Күлкі базар" көңіліңізді көтереді (Видео)

Күнделікті тұрмыста әртүрлі қызықты оқиғаларға тап боласыз. Әрине күлкілі сәттер тек қана көрініспен ғана шектелмей, кейбір ойы орамды, тілі қышыған адамдар аңғал жандарды алдаудың һас шебері болып келеді. "Өтірікшінің шын сөзі зая" дегендей, өтірікті жиі айтатын жандарға ешкім сенбейді. Бірақ, анда-санда сылтау айтып, сытылып кететіндер де баршылық. Біздің бұл сөзімізге "Күлкі базырының" арнайы дайындаған көріністері куә. Отбасының арасындағы, МАИ қызметкерлерімен және күнделікті болып жатқан басқа да оқиғаларды әзілмен жеткізе білген "Шаншар" театры әртістерінің қойылымына назар салыңыздар.