Айтыстағы Жансая Мусинанің пародиясы (Видео)

Айтыстағы Жансая Мусинанің пародиясы (Видео)
Фото: www.azattyq.org

Қазақтың ежелден келе жатқан ұлы өнерінің бірі  айтыс. Талай ақын тізе бүгіп жеңіліп, озат шыққаны ел есінде көпке дейін сақаталып келген. Кейде осы бір отыз екі тістен шыққан орақты сөзден дау да басталып, жаулықтың да шешімі шешілген. Айыр қалпақты ағайындардың асындағы Сүйінбай мен Қатағанның қызу айтысы бүгінгі күнге дейін көпшіліктің есінен кетпес елеулі оқиға ретінде таныс. Осындай киелі өнердің отын сөндірмей, қиыннан қиыстырып, өгізді өлтірмей, арбаны сындырмай келе жатқан ақындардың бүгінгі барына да шүкір дейміз. Қарсыласын қиратуға ғана емес, ұлттың үнін ширатуға арналған айтыс өнері қашан да қазақ даласында шырқалары анық. Айтыста талай қызық болатыны бәріңізге белігілі. Бір-бірін кекетіп-мұқатып, тіпті қыз бен жігіт айтысындағы сөз айтып жауабын тыңдап жерге кіріп кетердей болған жандар да жетерлік. Бүгін сондай керемет оралымды сөздерімен ел есінде сақталған Жансая Мусинаның әзілді өлеңдерін назарларыңызға ұсынамыз.  

B. ZHAQSYMBET