Кісі есімі жөнінде әзілдер

Кісі есімі жөнінде әзілдер
Фото: fotoidea.kz

Адамның азан шақырып қойған аты тағдырына тікелей әсер етеді дегенді көп естиміз. Ал Азиада, Саммит, Астана, Сайлаубек деген секілді бір күндік датаны сәбиінің өмірлік есіміне атап жіберетіндер де баршылық. Кісі есімімен байланысты өмірден алынған әзілдерді оқып, езу тарта отырыңыздар.

Азамат деген жігіт болады. Оны кішкене кезінен белгісіз себептерге байланысты жақын-жуықтары түгел «Базо» атап кетеді. Дос-жараны, тамыр-танысы – бүкілі «Базо» дейді де, шын атын сұрамайды. Бір күні достары үйіне келіп, алдынан шыққан Азаматтың әкесінен:

– Ассалаумағалейкүм, аға. Базо үйде ме? – деп сұрайды.

– Базо деген кім? – дейді әкей әдейі.

– Ім-м-м... Базарбай, – дей салады құрдасының шын атын білмейтініне қысылған жігіт.

* * *

Ернар Алмабек деген жігіт бар. Оны достарының бәрі мектеп кезінен атымен емес, тегімен атап, Алмабек дейді. Бәрі «Алмабек», «Алмабек» деп жүргенде, бір отырыста біреу аяқ астынан «Ернар» деп атап қалады. Сонда топқа жаңадан қосылған қыз: «Ернар деген кім?» дейді таңдана...

* * *

Сейдикрам деген жігіт болған. Оны, керісінше, барлығы Сейдикрам лақап аты екен деп ойлайды. Ал, шындығында, куәлікте жазылған аты осылай еді. Бір күні Сейдикрамның дәптері қолына тиген басқа бір сынып оқушысы дәптер сыртындағы жазуды оқып: «Оқушылар, мына қызықты қараңдар, ол Сейдикрам деп дәптеріңің сыртына да жазып қойыпты» деген екен.

Ал  сіздерде қандай күлкілі оқиға болды?

@. @assel_assanova