1 сәуір – күлкі күніне әзілдер

1 сәуір – күлкі күніне әзілдер
Фото: grandwallpapers.net

1 сәуір – күлкі күні. Адамдар бірін бірі алдап соғып, кейін күлкі күні екенін айтып, алданған жақынын әжуалайды. Алдап қана қоймай, әртүрлі әзіл әңгімелер айтып, адамдарды күлдіруге де болады.

Бір келіншек үш жыл ішінде екі ұл тауып, енді қызды болуды қалаған екен. Арнайы күнтізбеге қарап, балалы болу мерзімін қыз бала болатын күнге жоспарлайды. Ол кезде УЗИ деген жоқ еді. 1 сәуір күні босанады. Егіз! Екеуі де – ұл бала. Күтізбе де алдайды екен.

– Бізде «Депутаттар күні» деген кәсіби мереке бар ма?
– 1 сәуір күні сай нақ сәйкес келер еді.

Алдау күнінде жындылар жүгенсіз кетеді.

Бір жылы 1 сәуір күні ауа райы қатты алдапты. Барлығын Жаңа жылдың суығымен құттықтаған екен.

1 сәуір күнінің мағынасы жоқ. Онсызда өмірде барлығы өтірікші, күн сайын өтірік айтады.

Бесінші сыныпта оқып жүргенімде тоқсандық демалыс тез аяқталғанына көңілім толмай, 1 сәуір күні сабаққа бармай-ақ қояйыншы деп ата-анама қиғылық салдым. Олар: «Жарайды, бармай-ақ қой. Тек бір шарт орындайсың, орныңнан тез тұрып, жуынып, киініп, тамақтанып, төсегіңді жинайсың» деді. Аңқау басым алданып, мәз болып, ата-анамның айтқанын бұлжытпай орындадым. 1 сәуір – күлкі күні екені есіме енді түсті.

1 сәуір күні жұмыстарың қалай болды?
– Көңілді өтті. Директор біздің бөлімдегі барлығын қысқартуға жібергенін айтты, біз кұлдік. Келесі күні жұмысқа барсақ, ол шындық екен, директор күлді.

@. @assel_assanova