1 сәуірге арналған идея

1 сәуірге арналған идея
Фото: massaget.kz

Екі күннен соң, сәуір келеді. Жай келмейді, күлкі сыйлап келеді. 1 сәуір – Күлкі күні екенін ұмытпаған боларсыздар. Бұл күні әлем тұрғындары "әзіл көтере алады-ау" деген жақындарымен қалжыңдасып, тосынсый дайындайды. Кейбірі бір-бірін алдап жатады. Олардың біразы жақындарына қандай сый әзірлегенін ғаламторда бөліскен екен. Соның бірқатары – сіздердің назарларыңызда.

Алдаушы адам "Scittles" және "M&M’s" тәттілерін араластырып, досына сыйлайды. Ол бірде қышқыл, бірде шоколадты тәттілерді жеп, алданғанын түсінеді.

Әріптесі техникалық құралдарды жиі қолданатын болса, мынадай қулық жасапты. Сұйық желімді әйнек бетіне құяды. Ол кепкен соң, әйнек бетінен жаймен алып, пернетақтаның үстіне қойып кетеді.

Екінші бір тәсілі: компьютердің жұмыс үстелін бір жерге жинап, жасырып қояды да, ақау белгісі жазылған суретті жүктеп, басты суретке қояды. Компьютер иесі оның "өтірік" істен шыққанына шошиды.

Егер ол көлікпен жүретін болса, мынадай тосынсый дайындауға болады. Стикер қағаздарымен көлікті "сәндеп", түрлі түсті сыйлық жасауға болады.

Бұл қулық күлкілі әрі қауіпті. Ортасына тәтті крем жағылған печеньенің кремін алып тастап, оның орнына тіс пастасын жағып қояды.

Ал мына қулық алдап отырған адамды таңғалдыруы мүмкін. Күнде қолданып жүрген сабыны 1 сәуір күні көпірмей қалады. Оның сыры мынада: сабынды түссіз лакпен бояп тастайды.

Г. Берік