Бейсенбілік әзілдер

Бейсенбілік әзілдер
Фото: amur.kz, Евгения Горобец

Құрметті оқырман, бүгін біз сіздерге бейсенбілік көңіл-күй сыйлау мақсатында ащы шындыққа толы әзілдер топтамасын ұсынбақпыз. Қабыл алыңыздар!

* Егер адаммен қарым-қатынасыңызды тез үзгіңіз келмесе, оның өтірік айтуына кедергі жасамаңыз.

* Ұлы адам өзін ешқашан «Ұлы адаммын» деп айтпайды. Мысалы мен «Ұлымын» деп айттымын ба?

* Әйелдің логикасы қызық дүние: ұрысып-ұрысып алады да, сосын не үшін ұрысқанын өзі білмей отырады. 

* Өзімшілдер – өте мейірімді адамдар. Олар айналасындағы адамдарға жамандық ойламайды. Жамандық былай тұрсын, олар айналасындағылар жайлы мүлде ойламайды да.

* Өз өміріңдегі сайқымазақтар мен басқа да хайуанаттарды босат. Цирк гастрольдік сапарын жалғастыруы керек.

* Адам өз төсегінен басқа жұмсақ ойыншық жоқ екенін білген күннен бастап есейеді.

* Әлемді қалай билеудің сырын білетіндердің бәрі таксист болып кеткені өкінішті...

* Жігіттердің көбі «егер сүйген қызымыздың көңіл-күйі болмай жүрсе, бір проблемасы бар шығар» деп түсінеді. Шындығына келгенде, қызыңның көңіл-күйі болмай жүрсе, проблема – сенде.

* Біреудің жасаған жамандығын ұмытып кет дейсің! Қызық екенсіңдер өздерің! Біреудің тер төгіп, уақыт бөліп жасаған жамандығын қалай ұмытуға болады. Ұмытып кетсем, ұят болмай ма? Бұл да еңбек қой!

А. Әбілхан